• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Шілде, 2024

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

101 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Астана күнін мерекелеуге байланысты сенбі, 6 шілдеде орталықтар жұмыс істемейтіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ дүйсенбі, 8 шілде күні тек кезекшілік қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейді.

«9 шілдеден бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегідей жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Кезекшілік қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші арнайы қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Еске салайық, шілде айында ел азаматтары Астана күнін мерекелеуге байланысты үш күн демалады: 6,7,8 шілде.