• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2024

Жайық жағалауын қапшықтардан тазалау жұмыстары басталды

122 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Жайық жағалауын санитарлық тазалау мәселесі жөнінде жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Штаб отырысында Жайық өзенінің бетон жағалауы бойындағы қапшықтарды жинау мәселесі қаралды. Жасұлан Бисембиев жағалау аумақтарында енді су басу қаупі жоқ екенін, жағаны қорғаныс құрылыстарынан тазарту міндеті тұрғанын атап өтті.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жағалау 16 учаскеге бөлініп, әр учаскеге жауапты тұлға және ведомстволық бағынысты ұйымдар бекітілді. Бұл тәжірибе тиімділігін көрсетті. Жалпы осы бағытта қала әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы жүргізуге бірлесе атсалысуымыз керек. Негізгі міндет – жағалаудағы қаптарды алып, аумақты тазалау. Жұмыс бір апта ішінде аяқталуы тиіс», деп қорытындылады Ж.Бисембиев.