• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Шілде, 2024

Сенімді нығайтатын семинар

37 рет
көрсетілді

Алматыда дзюдо спортынан төрешілер мен жат­тықты­рушылардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті. Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі семинар үш күнге ұласты.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рефери директоры лауазымын атқаратын Чжон Ки Ен, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының төрағасы, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев жетекшілік етіп, тәжірибесін бөліскен семинарға Астана, Алматы, Шымкент қаласынан және 17 облыстан жүзге тарта төреші мен жаттықтырушы қатысты. Кәсіби біліктілікті шыңдаған игі шара соңында төрешілер «IJF Continental», «IJF International» санаты бойынша теориялық емтихан тапсырды.

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі бас­талды. Жасөпірімдер мен жастар арасында өтетін дзюдо додасына біздің балуандармен қоса Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка, Германия, Молдова, АҚШ-тан да спортшылар қатысып жатыр. Азия кубогінің чемпионы мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай жазылады. Осы байрақты додада семинарға қатысқан төрешілер тәжірибе жинау үшін қазылық етеді.