Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеудің барысында материалдар мен қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдауда жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу кодекстерге көшу жөніндегі ережелерді сақтау үшін қабылданып отырған шаралардың заңдылығына, толықтығына және уақтылы жүргізілетіндігіне тексерісті бастады.
Бас прокуратураның жұмыс топтары жаңа құқықтық актілерді қолданудың проблемалық мәселелерін анықтау, жаңа жағдайдағы құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау мақсатында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарының құқық қорғау және арнайы органдарын тексеруге кірісті.
Тексеріс нәтижелері Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында талданатын болады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.