• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құрылыс 05 Шілде, 2024

Жолды жөндеу қажет

112 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Ернұр Әйткенов Павлодар облысындағы аудан­дарда болып, әлеуметтік нысандарды аралады, тұр­ғындармен кездесті.

Сенатор аймақтағы ірі сүт-тауар фермасының бірінде кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеудегі өзекті мәсе­лелерді талқылады. Сондай-ақ ауыл тұрғын­дарының ауыл шаруа­шылығын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, азаматтар өмірінің басқа да салаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Бүгінде мемлекет субсидиялар мен преференциялар арқылы ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушілерді қолдап келеді. Бұл шаралардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өндірісті дамыту үшін жүзеге асырылып келеді», деді Ернұр Әйткенов.

Сенатор сондай-ақ Ертіс ауда­нын­дағы Амангелді ауылында болды. Бұл жерде ауылдан рес­пуб­ликалық тасжолға дейінгі автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Амангелді ауылының тұрғын­дары қыс мезгілінде ауылға жете алмайтыны, бұл өзекті мәселе болып отырғаны туралы депутатқа айтып берді. Бұл мәселе автожолды қайта жөндеуден кейін шешілуі керек.