• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Бокс 05 Шілде, 2024

Танымал боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа 2 бөлмелі пәтер берілді

561 рет
көрсетілді

+ 92 килода Париж олимпиадасы жолдамасының иегері Қамшыбек Қоңқабаевқа Қызылорда облысының әкімі 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Қамшыбек Қоңқабаев Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев спортшыдан төртжылдықтың басты бәсекесіне дайындығын сұрады. 

«Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көріну – әр спортшының арманы. Бұл – еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Чемпиондарымызға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік», деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа пәтер иесі де өз кезегінде Париж олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінуге күш салатынын айтты.