Қарағанды облысының жеті жасар тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. Бала велосипедін ұрлап кеткенін айтып, оны тауып беруін сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер баланың өтінішін тастамай, онымен бірге арнайы көлікпен аулаларды аралап, жоғалған велосипедті іздеуге шыққан.
Анықталғандай, тағы бір бала жәбірленушіден велосипед тебуін сұраған. Ол өтініштен бас тартпай, велосипедін берген. Ауланы бірнеше рет айналып шыққан бала бөтен көлікке мініп, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Бала құқық бұзушының соңынан жүгіріп, бірақ жете алмаған. Содан кейін ол полицияға хабарласуды жөн көрген.
Біраз уақыттан кейін велосипедті қолды еткен 10 жастағы қыз екені анықталды. Полиция қызметкерлері велосипедті іздеп жүрген кезде жеті жасар баланың ата-анасын шақырған. Олар бала мен велосипедті ата-анасына тапсырды.