• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2015

Қызылордада жыл басынан бері жол апатынан 30 адам қаза тапты.

274 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 маусым. Қызылордада жыл басынан бері 134 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 168 жан әртүрлі дене жарақаттарын алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өскендігін білдіреді. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылорда облыстық прокуратурасы Басқарма бастығының орынбасары Н.Дүйсенбаев жол-жүру заңдылығының сақталуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Соңғы 2 жылда жүргізілген тексерумен есепте тұрғандарға заңсыз көлік басқару, куәліктерін беру, кінәлілерді жауаптылықтан босату, әкімшілік іс жүргізу тәртібін бұзу және айыппұлдарды өндірмеу түріндегі заңсыздықтар анықталып, 50-ге жуық тұлғалар жазаға тартылды. Өкінішке орай, бүгінгі күні де осы тектес заңсыздықтар жалғасып келеді. Бір ғана прокурорлық тексерумен құқық бұзушыларды жазадан босату, қызметтік көліктер мен арнайы құрылғыларды тиімсіз пайдалану, заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тарту, көлік құралын заңсыз тіркеу түріндегі олқылықтар анықталды. Бір күндік рейдтің өзінде жүргізу құқығынан айырылған адамның автокөлікті басқаруы, алдыңғы терезелері қараңғыланған, мемлекеттік тіркеу белгілерінсіз жүрген, жылдамдықты асырып басқарған құқық бұзушылар кездесті. Соңғы жылдары облыс әкімдігінің қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қыруар қаржылар бөлініп, қажетті автокөліктер мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Дегенмен, прокурорлық тексеру барысында ішкі істер органдары арнайы жабдықталған автокөліктер мен құралдарды тиімсіз пайдалану деректері тіркелді. Сонымен қатар, жылдамдықты асыру – жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі екеніне қарамастан, жылдамдық өлшеуіш құралына тіркелген 4 құқық бұзушыға қатысты заңмен көзделген шаралар қолданылмаған. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінің өзінде полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігінен мас күйде көлік құралын басқарған 8 тұлғаға қатысты әкімшілік істер сот қаулыларымен қысқартылған. Осы әкімшілік істер бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, нәтижесімен 5 қызметкер, оның ішінде 2-уі сыбайлас жемқорлық сипатында тәртіптік жазаларға тартылды. Сондай-ақ, тектес заңсыздықтар қалаішілік бағыттардағы көліктерден бөлек облыс және ауданаралық бағытта қатынайтын қоғамдық көліктерде де орын алып, құзырлы органдармен мемлекеттік бақылау тиісінше жүргізілмеген. Айта кетерлік жайт, осы жылдың өзінде жол ережелерін бұзғаны үшін 17,5 млн. теңге айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмаған. Сол сияқты процессинг орталығы бойынша 1 млн. теңгеден астам айыппұл салу туралы ұйғарымдар заңмен белгіленген мерзімде жолданбаған. Бұған дейін осы тектес заңсыздықтар үшін мамыр айында 3 қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатында тәртіптік жазаға тартылды. Брифинг барысында Н.Дүйсенбаев ішкі істер саласы бойынша сыбайластық сипатындағы заң бұзушылық фактілердің көп екеніне тоқталып, заңнан аттап өткендерге қатаң жаза қолданылатынын жеткізді. Сонымен қатар, тексеріспен анықталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіледі. Талғат Райымбек. Дерек: Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: azattyq.org.
Соңғы жаңалықтар