Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрып, еліміздің солтүстігі мен шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, орталығында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық сақталады.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.