Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде дзюдодан Б.Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Азия кубогі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәлім етуінше 9 командадан 355-ке жуық татами шебері белдескен дзюдо додасында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс, 14 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.
Байрақты бәсекеде Өзбекстан (6 алтын, 7 күміс, 16 қола) көш бастап, Моңғолия спортшылары (3 алтын, 2 күміс) үздік үштікті түйіндеді.