• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2010

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

492 рет
көрсетілді

Кеше Бас Прокурор Қайрат Мәмидің төрағалығы­мен Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтіп, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, сондай-ақ БҰҰ комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын жүзеге асыру барысы қаралды. Сыбайлас жемқорлық­пен күрестің тиімділігін одан әрі арт­тыру, оның ішінде мем­ле­кет­тік құры­лым­дардағы сыбайлас жем­қорлықпен күрес құ­қық қорғау органдары қызметі­нің басым бағыт­тарының бірі болып та­бы­лады. Құ­зыр­лы ведом­ство­лар сыбай­лас жемқорлық көрі­ністерін жою, оларды уақтылы анық­тап, жолын кесу, сон­дай-ақ мұндай құқық бұзу­шылықтар үшін жазалан­бай қалмайтын қа­ғидатты жүзеге асыруды қам­­та­ма­сыз ету бойынша шаралар қол­да­ну­да. Үй­лес­ті­ру ке­ңе­сі­нің мү­шелері құқық қорғау орган­дары­ның бұл мәселедегі өзара іс-қимыл тұрғысын­дағы жұмыс­та­ры мен олар­дың дәрежесіне оң баға бер­ді және қазіргі қол­даныс­тағы заңдарды жетілдіру мен заңдылықты нығайту мәсе­лелерін талқылады. Сондай-ақ, кеңес БҰҰ коми­те­тінің азаптауға қар­сы ұсыныс­тарын жүзеге асыру жөніндегі ша­ра­лар­ды қара­ды. Бас Проку­рор сыбайлас жемқорлық көрі­ністерімен күрестің ең жоғары тиімді­лігін қамта­ма­­сыз етудің ма­ңыздылы­ғын және бұл ба­ғытта күш-жігерді босаңсы­ту­ға болмай­тынын, сол сияқты азаматтарды азаптау және оларға қатігездікпен қа­рау­дың басқа да дерек­терінің жолын кесудің қа­жеттілігін атап өтті. Талқы­лау қоры­тын­дысы бойынша құқық қорғау орган­дарының сы­байлас жемқорлық­пен және азаптаумен күрес жөніндегі қызметтерін одан әрі күшейтуге ба­ғытталған шешім қабыл­данды, деп ха­барлады Бас прокуратура­ның баспасөз қыз­меті.