• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Шілде, 2024

Қазақстанда ақылы жолдар саны артады

114 рет
көрсетілді

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ақылы жолдарды күтіп ұстауға 80 млрд теңге қажет екенін айтты. Осы мақсатта бюджетке артық салмақ түсірмеу үшін ақылы жолдар санын көбейту жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, өткен жылы 3,2 мың шақырым ақылы жолдан 30 млрд теңге жиналған.

«Реконструкциялаудан өткен жолдарды нормативтік деңгейде күтіп ұстау мақсатында биыл 2 мың шақырымнан астам 11 учаскеге кезең-кезеңімен ақы алуды енгізу жоспарланып отыр. Жолдардың тез бұзылуына салмағы ауыр жүк көліктері тікелей әсер ететіні анық. Елімізде 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелсе, оның 60 мыңы рұқсат етілген 25 тонна жүк тасу көлемін сақтамайды. Осыған байланысты салмақ параметрлерін сақтау бойынша жауапкершілікті күшейту, карьерлік самосвалдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына тыйым салуға тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді», деді Марат Қарабаев.

Келесі жылдың соңына дейін автокөліктің қозғалыс кезіндегі салмағын өлшейтін 220 станса орнатыла бастайды. Өлшеу стансалары бұзушылықтарды онлайн тіркеп, айыппұлды «Сергек» бағдарламасы форматында рәсімдейді.