9 шілдеде Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тағайындалды. Жолаушыларға тиісті ережеге сәйкес айырма төленеді», делінген хабарламада.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.