Үш аптадан кейін Париж Олимпиадасы басталатыны мәлім. Осы орайда Спортты дамыту дирекциясы Франция туралы қызықты фактілер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
1900 жылы Париж Олимпиадасында алғаш рет әйелдерге қатысуға мүмкіндік беріліп, 5 ай бой өткізілген (14 мамыр - 28 қазан) Олимпиада ойындарында швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста күйеуімен бірге чемпион атаныпты. Сол кезде әйел спортшылар арасында үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде (2,2%) сарапқа салынған екен. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50%-ды құрап отыр.
Олимпиадалар тізіліміндегі ерлер мен әйелдер үлесі:
1896 жыл. Ерлер — 100%
Париж 1900 жыл. Ерлер — 97,8%, әйелдер — 2,2%
1904 жыл. 99,1/0,9%
1908 жыл. 98,2/1,8%
1912 жыл. 98/2%
1920 жыл. 97,6/2,4%
Париж 1924 жыл. 95,6/4.4%
1928 жыл. 90,4/9,6%
1932 жыл. 91/9%
1936 жыл. 91,7/8,3%
1948 жыл. 90,5/9,5%
1952 жыл. 89,5/10,5%
1956 жыл. 86,7/13,3%
1960 жыл. 88,6/11,4%
1964 жыл. 86,8/13,2%
1968 жыл. 85,8/14,2%
1972 жыл. 85,4/14,6%
1976 жыл. 79,3/20,7%
1980 жыл. 78,5/21,5%
1984 жыл. 77/23%
1988 жыл. 73,9/26,1%
1992 жыл. 71,2/28,8%
1996 жыл. 66/34%
2000 жыл. 61,8/38,2%
2004 жыл. 59,3/40,7%
2008 жыл. 57,6/42,4%
2012 жыл. 55,8/44,2%
2016 жыл. 55/45%
2021 жыл. 51,2/48,8%
Париж 2024 жыл. 50/50%