• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Шілде, 2024

105 жастағы кейуана магистр дәрежесін алды

571 рет
көрсетілді

105 жастағы америкалық Вирд­жиния Хислоп 83 жылдан кейін Стэн­форд университетінен магистр дәре­жесін алды.

Вирджиния университеттегі оқуын 1936 жылы бастаған. Ол бакалавр дәрежесін сәтті аяқтап, бірден магистратураға түскен. Бірақ оның күйеуі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қызметке шақырылып, оқи алмай қалған. «Тек магистрлік диссертация­сын аяқтауы керек еді. Бір қадам қалғанда, тағдыр оқудан үзіп әкетті», дейді әжей. Соғыстан кейін Вирджиния күйеуі мен екі баласымен Вашингтондағы Якима қаласында тұрды. Отбасылық міндеттемелеріне қарамастан, Хислоп білімге құмар болды, колледж директоры болып жұмыс істеді, ондаған жыл бойы мектеп пен колледж кеңестерінде қызмет етті. Солай тіршіліктің ағысымен қанша жыл өтті. Жасы 105-ке келіп, аяқталмаған зерттеуін қорғап, дипломын алды. «Мен мұны көп күттім», деді ол.