• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Шілде, 2024

Шиеленісті өткен ширек финал

79 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чем­пионатының ширек фи­налдық ойындары шие­леністі өтті. Тіпті фи­нал­дық бәсекеге бер­гісіз тартыс болды деп бағалай­тын­дар да бар.  пионатының ширек фи­налдық ойындары шие­леністі өтті. Тіпті фи­нал­дық бәсекеге бер­гісіз тартыс болды деп бағалай­тын­дар да бар. 

Десе дейтіндей, футбол саңлағы Криштиану Роналдудың өзі пенальтиден ғана гол тоғытып, алтыншы рет қатысқан Еуропа чемпионатының ширек финалынан қайтты. Франция мен Пор­тугалия құрамасы 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық бәсекесінде тоқайласқан. Дүние кезек, сол тартыста Эдердің 109-минутта соққан голы Порту­галия құрамасына Еуропа чем­­пионатының ат басындай кубогін ұстатқан-ды. Бұл жолы таразының ауыр басы Франция құрамасына қарай ауды. Негізгі уақытта да, экстра таймда да тең түсіп, (0:0) пенальти сериясында 3:5 есебімен француз футболшылары жартылай финалға шықты. Пенальти сериясында көпшілік Португалия құрамасының алға озарына шүбәсіз сенді. Се­бебі 8/1 финалдық тартыста Сло­вения құрамасын Португалия футболшылары пенальтиде ығыс­тырса, словениялық Йосип Иличи, Юре Балковец, Беньямин Вербичтің тепкен добын Португалия құра­масының қақпашысы Диого Кошта қай­тарып сұңғылалық танытқан. Бұл жолы Коштаның көрегендік қасиеті жүрісінен жаңылды. Франция құрамасының бес футболшысы Диогоның қақпасынан саңылау тапты. 

Франция құрамасының қор­ғаушысы Вильям Салиба фи­налдық тартысқа шығатынына бек сенімді екенін жеткізді. Матчтан кейін пікір білдірген қорғаушы құрама мүшелерінің бір үйдің баласындай ұйымшылдық та­ныт­қанына разылығын айтты. «2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасына пенальти сериясында жол бердік. Осы жеңіліс бізді есейтті, нәтижесі міне, жартылай фи­налға жеттік», деді 67-ми­нутта Антуан Гриз­­манды алмастырып алаңға шыққан шабуылшы Усман Дембеле. «Пенальти – қашанда лотерея. Бірде бізге ау­ған жеңіс француз фут­болшыларына байланды. Біз Еуропа чемпионатының ширек финалына дейін қалай ойнадық, деңгейіміз қаншалықты өсті дегенді талдау маңызды», деді Португалия құрамасының қор­ғаушысы Рубен Диаш. 

Испания құрамасы  Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығар жолда Германия футболшыларын 2:1 есебімен жер соқтырып кетті. Бұл матчтың да дақпырты мен дауы біразға дейін басыла қоймасы анық. Әсіресе тартысқа қазылық еткен Энтони Тейлор Жамал Мусиаланың соқ­қысын қолымен қаққан Марк Кукурельяның әрекетіне пенальти тепкізбеуі талай жерде айтылатыны сөзсіз. 

Швейцария құрамасы  ширек финалда Англия футболшыларына пенальти сериясында есе жіберді. 75-минутта Ембола есеп ашып, Швейцария құрамасы алға шық­қан, 80-минутта Са­ка таразы басын те­ңес­тіріп жеңілістен құтқарып қалды. Экс­тра таймда да нә­ти­же өзгерген жоқ. Пенальти серия­сында 5:3 есебімен ағылшын футболшылары басым түсті. 2021 жылы өткен Еуропа чем­пионатының ши­рек финалында да Швей­­цария құ­ра­масы Испания футболшыла­рына пенальтиден есе жіберген еді.

Түркия құрамасы Нидер- ланд футболшыларына 2:1 есебімен жол берді. 35-минутта Арда Гүлердің пасын голға ұластырған Ақайдын Сәметтің шабуылынан кейін түрік футболшылары басымдыққа ие болғанымен, тәжірибелі саңлақтардың білік­тілігіне арқа сүйеген Нидерланд құрамасы жеңісті жұлып әкетті. 70-минутта Де Врей Стефан таразы басын теңестірген. 76-минутта қар­сыластың шабуылына тосқауыл қоюға ұмтылған Мерт Мөлдір өз қақпасына гол соғып алды.

 Түркия құрамасының бас бап­кері Винченцо Монтелла тү­рік­тің жас қырандарын ша­рыққа ұстағандай қайрап, шың­даудан өткізді. Жиырмаға жасы жетпеген Арда Гүлер қалай тү­леді. Өзгүр, Ба­рыс Йылмаз, Ах­меджан Кап­лан, Семих Қылыш­сой сынды футболшылары 20-дан енді асқан. Демек Түркия құрамасының дәуір­лейтін шағы алда. Екі жылдан кейін әлем чемпионатында жігіттер жасын ойнататын деңгейге жететінін көрсетті.