Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 1 шілдесінде қол қойған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы отандық ғылымның соңғы онжылдықтағы ілгерілеуінің, оның өзгерген әлемдік тенденциялармен белгіленген мақсаттары мен міндеттерінің шынайы нәтижесі мен жалғасы болып отыр.
Жаңа заң – отандық ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерінің ғана емес, сонымен бірге оны әлемдік ғылыми үрдістерге жетелеудің айқын көрінісі. Бастапқыда тәуелсіз елімізде әлемдік ғылымның бір бөлігі болуға деген ұмтылыс өз жемісін берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел Үкіметі қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, Қазақстанның академиялық және ғылыми қоғамдастығы үшін жаңа маңызды міндеттерді белгіледі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің телеграмм арнасында: «Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты әлемдік технологиялық көшбасшыларға қатысты инновациялық алшақтықты азайтуға бағытталатын болады», деп атап өтті.
Еліміздің жоғары оқу орындары академиялық ғылымның орталығы ретінде осы Заңда көрсетілген ғылым саласындағы мемлекеттің жаңа заманауи саясаты құрылған инновациялардың елеулі іргетасын құруға ауқымды үлес қосты. Жаңа заңның аса маңызды стратегиясы технологиялық саясатқа баса назар аудару болса, бұл отандық ғылымды одан әрі дамыту векторының стратегиялық көзқарасының жаңа, неғұрлым жоғары деңгейін көрсетеді. Ғылыми-технологиялық саясат, осылайша, тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқын танылады. Ол ғалымдарды түпкілікті нәтижеге – «идеядан сериялық өндіріске» және коммерцияландыруға бағыттайды. Моносалалы педагогикалық университет саналатын Ә.Марғұлан университеті үшін бұл педагогикалық және психологиялық-педагогикалық идеяларды орта жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқу үрдісіне енгізуге жеткізуді білдіреді. Бұл ретте университетте былтыр құрылған педагогикалық бағыттағы технопарк маңызды рөл атқарады. Ол педагогтерді, орта мектеп, колледж оқушыларын даярлау сапасын арттыру, білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, білім беру мекемелерін ел дамуының жаңа әлеуметтік-саяси жағдайларына тиімді бейімдеу мақсатында өңірдің педагогикалық күштерін шоғырландыру тәжірибесін білдіреді. Технопаркте психологиялық түзету орталығы, педагогикалық зерттеулер орталығы, академиялық шеберлік орталығы, түзету сыныптары, студенттік бизнес-орталық, т.б. жұмыс істейді. Педагогикалық бағыттағы технопаркті құрудың болашағы, қажеттілігі мен уақытылығы, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заңның ғылыми-технологиялық жетістіктеріне бағытталған.
Педагог кадрларды даярлауды технологиялық қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығының нәтижесі университетте жаратылыстану – ғылыми мамандықтар (эксперименттік физика, химия, биология) бойынша ең заманауи жабдықтар мен виртуалды зертханалардың бағдарламалық қамтамасыз етуімен 4-сыныптардың ашылуы жатады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Дүниежүзілік банктің және Unowa/MIKKO халықаралық ұйымының қаржылық қолдауының арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сенсорлық дамуына арналған жаңа инновациялық диагностикалық модульдермен жабдықталған инклюзивті кабинет ашылып, өз жұмысын бастады.
Ә.Марғұлан университеті соңғы үш жылда Саясат Нұрбек басқаратын Ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізетін ғылым және жоғары білім саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын белсенді түрде іске асыра отырып, халықаралық ынтымақтастыққа үлкен қадамдар жасады. Университет соңғы жылдары Токат университетімен (Түркия), Дрезден техникалық университетінің Білім беру институтымен (Германия), Орталық Ланкашир университетімен, Лестер университетінің Білім беру мектебімен (Ұлыбритания) ғылыми ынтымақтастық және академиялық алмасу туралы келісімдер жасады. Былтыр Ә.Марғұлан университетінде Дрезден техникалық университетінің Славистика институтының студенттері мен магистранттары бірнеше курсты тыңдап, алғашқы академиялық алмасудан өтті.
Отандық ғылымның әлемдік ғылымға бетбұруының, органикалық «енгізілуінің» тереңдігі, оның ішінде ғалымдарымыздың «Scopus» және «Web of Sciences» беделді халықаралық базаларындағы жарияланымдарда белсенділігімен анықталады, бұл ғалымдарға өз жетістіктері мен жаңалықтарын жетекші шетелдік мамандармен бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта Ә.Марғұлан университетінің ғалымдары соңғы жылдары айтарлықтай жетісіктерге қол жеткізіп, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі мен нәтижелілігін өлшейтін Хирш индексі бар ғалымдар саны – 23,3 %-ға артты.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңда субъектіге бағдарлану, яғни ғалымды ғылымның бас қайраткері және субъектісі ретінде бағыттау идеясы қамтылған, оның қолдауынсыз және уәждемесіз ғылыми серпіліс күту қиын. Жаңа заңның аса маңызды ерекшелігі – жастарды ғылымға тартуға бағдарлау. Жастар соңғы онжылдықтарда бизнеспен айналысуды немесе мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуді жөн көретінін жасырмаған жөн. Аз төленетін қызмет саласы ретінде Ғылым отандық жастар үшін тартымсыз болып шықты. Бұл ғылыми-педагогикалық кадрлардың тез қартаюына әкелді. Жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау саясатының тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. сияқты нақты заңнамалық нормаларда белгіленген түпкілікті нәтижесі жастар үшін ғылыми қызметтің тартымдылығы мен беделін күшейтеді деп үміттенеміз. Бұл заңнамалық бекітілген нормалар 21%-ы жастар саналатын, біздің университет үшін ерекше маңызды, мұндай мемлекеттік қолдау олардың ғылыми-педагогикалық өсуіне және мансаптық мүмкіндіктеріне ықпал ететін болады.
Бірнеше жыл бұрын Ғылым және жоғары білім министрлігін құру және Оқу-ағарту министрлігімен қызмет салаларын бөлу Үкімет пен Қазақстан Президентінің дұрыс шешімі болғанын мойындау қажет. Бұл отандық ғылымда инновацияларды дамытудың жемісті және тиімді болуын қамтамасыз етті, Қазақстан ғылымын әлемдік ғылымға енгізуді және шетелдік технологиялық стандарттармен жақындастыруды жеделдетті. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң, ел ғалымдары үміттеніп отырғандай, еліміздің ғылыми ілгерілеу жолындағы сенімді бағдар болмақ.
Жанбол ЖИЛБАЕВ, Ә.Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы