• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 10 Шілде, 2024

Заң нормалары түсіндірілді

121 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысына сапары аясында Үржар ауылында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау жұмы­сы барысын­­да азаматтарға құқық­­тық кеңестер бері­­ліп, әлеу­меттік мәселелердің заң­на­малық норма­лары түсін­дірілді. Кездесу бары­сында ауыл­дағы қордаланып қалған бірқатар проб­лема көтеріліп, түйінді мәсе­ле­лер талқылан­­д­ы. Тұрғындардың бірі жол мәселесін қозғаса, өзгелері өңірдегі медициналық көмекті жетілдіру керектігін алға тартты.

Ауыл ақсақалы Пітәт Ахмет­жанов өңірдегі ауыл­дардың әкімшілік бөлінісін қайта қарауды сұрады. Нұртай Сабильянов бұл мәселенің ең алдымен жергілікті жерде талқылануға тиіс екенін атап өтті. Тұрғындардың ұсынысы облыс деңгейінде қолдау тауып жатса, мәселе Үкіметке де жетеді.

«Бұған дейін де елді мекенді ауданға қосу мәселесі жан-жақты әрі жүйелі түрде қарастырылған. Бұл мәселені жергілікті билік пен мәслихат бірлесіп шешуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган тиісті шеші­мін қабылдағаннан кейін оны облысқа жібе­реді. Егер облыс қолдаса, мәселе Үкімет­ке жолданады. Тек содан кейін ұсыныс ен­гізі­леді. Ал Қарақол су қоймасына келер болсақ, бұл мәселе Мәжілісте көтеріл­ген. Ең алдымен жобалық сметалық құжат­тар жасалды. Одан кейін барып қана оған күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл су қой­масына кезінде бөлінген қаражат дұрыс игерілмеген. Енді бұл мәселе назарымызда болады», деді депутат.

Кездесуге Мәжіліс депутаттарымен қатар жергілікті билік өкілдері де қатысты. Тұрғындардың шағымын ауыл әкімі де өз бақылауына алып, тиісті жұмыстарды атқаруға уәде берді.