Үш америкалық кәсіпкер Дастин Клебе, Лукас Вулф және Крис Эберли – психологиялық көмек көрсететін «Sonia AI» психологін іске қосты.
Пайдаланушылар чатботпен мәтіндік хабарламалар жазып, iOS қосымшасы арқылы әртүрлі тақырыптар бойынша дауыстап та сөйлесе алады. Чатбот пайдаланушыларға не айтатынын білу әрі оларға жауап беру үшін генеративті AI үлгілерін пайдаланады. «Біз өздерінің психикалық мәселелерімен күресетін, бірақ психологке бара алмайтын миллиондаған адамға көмектескіміз келді», деді кәсіпкер Клебе.