• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Шілде, 2024

Кешігіп жеткен жолдама

88 рет
көрсетілді

Бокстан әйелдер құрамасы Париж жазғы Олимпия ойындарына әзірлікті Алматы маңында өткізіп жатыр. Елдос Сайдалин баптайтын боксшылар Жаңашар аулындағы базада екі апталық жаттығу жиынын өткізді.

Бас бапкер шәкірттерін дема­лысқа аттандырып, 9 шілдеде қай­та­дан жат­тығу жиыны басталаты­нын жеткізді. «Қыздар бабына еніп ке­леді, 21 шілдеге дейін соңғы жат­ты­ғу­ды өткізіп, Парижге аттанамыз. Ли­­­цен­зия иеленген Назым Қызай­бай (50 кг), Карина Ибрагимова

(57 кг), Ва­­лентина Хальзова (75 кг) зор жа­­­­уапкершілік жүктелгенін се­­зі­ніп отыр. Оларға спарринг өткізіп, шыңдай түсу үшін тағы үш боксшы барады. Бізге жүктелген міндет – бокс­шыларды зар күйінде додаға қосу», деді Е.Сайдалин.

Үш боксшы да жазғы Олимпия ойын­дарына алғаш рет ат байлап, додаға қосылады. Екі дүркін әлем чем­пионы Назым Қызайбай – 14 жыл­дан бері ұлт­тық құраманың мүшесі. 31 жас­тағы боксшыға Олим­пиаданың лицензиясы енді бұйырып отыр.