11 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысындағы тауларда қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше ел бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең республиканың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз Атырау, оңтүстік Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, оңтүстік Қостанай облыстарында қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысында, солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.