• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Күрес 12 Шілде, 2024

Күмісті қанағат тұтты

61 рет
көрсетілді

Еркін күрестен еліміздің әйелдер құрамасы халықаралық турнирден оралды. Испанияның Мадрид қаласында өткен Гран при додасында төрт балуанға медаль бұйырды.

Ирина Казюлина (65 кг), Жамила Бақбер­генова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг) финалда сүрініп, күмісті місе тұтса, Лаура Ал­мағанбетова (57 кг) қола жүлдені қанағат етті. Жәмила финалдық белдесуде америкалық Кайл Велкерге есе жіберді. Тәжірибелі Эльмираның кубалық Милаймис Маринге күші жетпеді. Әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев халықаралық турнирге 55 кг салмақта Зульфия Яхьярованы, 59 кг салмақта Диана Каюмованы да қосқан еді, екеуі де 5-орынмен шектелді.

Әйелдер күресінен спортшыларымыз Париж Олимпиадасына бар­майды. Құрлықтық, әлемдік іріктеу турнир­лерінде бұрымды балуандарымызға лицензия бұйыр­мады. 2016 жылы Рио Олимпиа­дасында Қайрат Сағадиев баптаған балуан қыз­­дарымыз 1 күміс, 2 қола медаль олжалап, орасан нәтижемен оралған еді. Гүзель Ма­нюрова (75 кг) финалда канадалық қарсы­ла­сына есе жіберсе, Элмира Сыздықова (69 кг) мен Екатерина Ларионова (63 кг) қола ме­дальға қол жеткізген.