Жаңаарқаның қымызы Гиннестің рекордтар кітабына енгенін біреу білсе, біреу білмейді.
2019 жылдың 14 қыркүйегінде Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында әлемдік рекорд орнады. Қалай десеңіз, 12 ауыл мен екі кенттен жиналған 1000 адам бір мезетте 10000 литр қымызды күбіге құйып, піскен. Сарапшылар сусын көлемін, қатысушылар мен күбі санын тіркеген. Бұл рекордты тіркеуге Кубадан арнайы Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас келді. «Қымыз көлемі мен күбі саны бойынша осы рекорд ең алғашқысы», деген еді ол.