• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2024

Атакама шөліне ұзақ жылдан бері алғаш рет гүл шықты

181 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең құрғақ шөл – Атакама. Қанша жылдан кейін ерекше құбы­лыс орнап, биыл шөл дала гүлге оранды. Оның себебі – қыста тоқ­таусыз жауған жаңбыр.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағ­дай «Эль-Ниньо» деп аталатын табиғи жағдайдың әсерінен болады. Сирек кездесетін көрініске куә саяхатшылар жаппай Атакамаға ағыла бас­та­ды. Дегенмен Чилидің солтүстігінде ор­на­ласқан Атакама шөлінің гүлді кілем­ге орануы алғаш емес. 2015 жылы толас­сыз жаңбырдан кейін шөл далада дәл осы­лай гүлге оранған еді.