Аустралия ғалымдары жасанды интеллектінің көмегімен инсультті алдын ала анықтайтын қосымша ойлап тапты.
Ол бет бұлшықеттерінің қозғалысы арқылы бірнеше секундта аурудың белгісі бар-жоғын дәл табады. Адам бір сәтке күлімсіресе жеткілікті. Ал оның беті жиырылса, қосымша жақында болған инсультті бірден аңғарады. Мамандар технологияны еріктілер арасында сынап көрген. Сынақ нәтижесі инсультке шалдыққан науқастардың 82 пайызын дәл тапқан.