Атырауда өтіп жатқан Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтың мұнай-газ жабдықтары мен сатып алатын тауарлары туралы мұнай-газ инжинирингінің форумы мен ірі жобалардың ашық есік күндері өтіп жатыр. Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов Мемлекет басшысы мен Премьер-министрдің жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бірқатар нақты міндетті белгілегенін атап өтті.
Реттеліп сатып алуда отандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайтуға, жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға, оның ішінде неғұрлым талап етілетін өнім шығаруды оқшаулауға, сондай-ақ жергілікті инженерлер мен жобалау компанияларын міндетті түрде тарта отырып, жобалау дизайн-кеңселерін елге көшіруге ерекше назар аударылады.
Іс-шараға 130-ға жуық зауыт және жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер, мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушылары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бұған дейін Энергетика министрлігі жүргізген жұмыстың нәтижелері бойынша осы жылдың мамыр айында ірі мұнай-газ жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары мен осы жобалар үшін сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы 240 млн долларды құрайтын отандық өндірушілер арасында келісімшарттарға қол қойылғанын атап өткен жөн.