11 шілде күні Қызылорда қаласында 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға қаладағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
Бүлдіршін бесінші қабаттан бірінші қабаттың баспалдағына құлаған. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.