14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл шайқаста Жәнібек Әлімханұлы өзіне тиесілі WBO және IBF нұсқасы бойынша белбеулерін қорғайды.
Кеше жекпе-жек алдындағы көз түйістіру, БАҚ өкілдерімен кездесу сынды рәсімдер өтті. Осыдан кейін отандасымыз әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.
«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді, бұйыртса», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Бокс кешін тікелей эфирде көрсететін арнаны мына жерден білуге болады.