• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Шілде, 2024

Жас ғалымдар робот-­курьер жасап шығарды

435 рет
көрсетілді

Робот-­курьерді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жас ғалымдары мен роботтехника және автома­тика техникалық құралдары кафедрасының студенттері жасап шығарған.

Медицина қыз­меткерлері таситын дәрі-дәрмекті енді робот-курьер орындап, сұра­ныс бойынша емделушіге дәрі-дәрмекті жылдам әрі қауіп­сіз жеткізу жұмыстарын атқарады.

Аталған көмекші роботты жасаған топтың жетекшісі Нұрлан Баянбайдың айтуынша, мұндай робот-курьерлер бір­қатар шет мемлекетте дәрі-дәрмекті пациент жатқан әрбір палатаға қауіпсіз жеткізіп береді. Көзбен көріп, осындай роботты біз неге жасамасқа деген ой келген.

Робот-ку­рьер­ отандық материалдан жасалған. Электрондық құ­рал­дар ғана шетелден алынған екен.

Аталған робот көмекшінің медициналық мекемелерге қажеттілігі мол болмақ.

Бұл туралы толығырақ «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған Азамат Есенжолдың «Робот-көмекші» мақаласынан оқи аласыз.