26 шілде күні шымылдығын түретін Париж олимпиадасының чемпиондары жеңісін жанкүйерлермен атап өтетін арнайы орын әзірленді. Чемпиондар саябағы деп аталатын аумақ Эйфель мұнарасының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Париждегі Трокадеро саябағында жазғы ойындар тарихында алғаш рет барлық медаль иегері мыңдаған жанкүйермен кездесуге шақырылады.
Күн сайын Чемпиондар саябағында сол күннің жеңімпаздары шақырылып, құрмет көрсетіледі. Онда жиналған көпшілікпен бірге ашық аспан астында өздерінің жеңісті сәттерінен жинақталған бейне үзінділер көрсетіледі.
Чемпиондар шеруінде артистердің қойылымдары мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.