«Таңбалы» кешенінің оңтүстігі мен солтүстігінде орналасқан Қоғалы және Алмалы аңғарынан маңызды жәдігер табылды.
Қазба жұмыстары кезінде жақын маңнан жақсы қалпында сақталған мыстан жасалған тиын табылған. Аталған тиынға аты-жөні белгісіз, үшкір қалпақ киген билеушінің суреті салынған. Тиынның жиегіне соғды тіліндегі «bgy» (Құдай) және «prn» (Рақымды) деген сөздер жазылған. Ал артқы жағына мөрі басылған. Мамандардың айтуынша, бұл тиын өте сирек кездесетін раритет емес. Дегенмен еліміздің аумағынан мұндай жәдігер алғаш рет табылып отыр.