• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Маңғыстауда бес сағат ішінде 107 547 адам дауыс берді (фото)

270 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 26 сәуір. Маңғыстау облысында сайлау белсенді өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Маңғыстауда түскі сағат 12.00-ге дейін 107547 адам дауыс берді. Бұл дауыс беру көрсеткіші 34,12 пайызды құрады деген сөз. Нақтырақ айтсақ, түске дейін сайлаушылардың Ақтау қаласында 32,42 %, Жаңаөзен қаласында  33,31 %, Бейнеу ауданында 37,26 %, Қарақия ауданында 35,74 %, Маңғыстау ауданында 35,09 % және Мұнайлы ауданында 34,96 %-ы дауыс беруге келген. Биылғы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Маңғыстау облысы бойынша қатысатындар саны 315 мың 202 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 3 сәуірдегі ҚР Президенті сайлауында 256 мың 779 адам болған. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz Сурет: Талант Құсайын.  
Соңғы жаңалықтар