• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2024

Атырау облысында 18 жастағы жігітті өлтірген қылмыскер қамауға алынды

228 рет
көрсетілді

13 шілдеде Атырау облысында 18 жастағы мектеп бітірген түлекті өлтірген қылмыскер қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдың басында Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында мектеп түлегі ауылдасының соққысынан көз жұмды.

"Ақ Жайық" газетінің хабарлауынша, облыстық прокуратураның 11 шілдедегі нұсқауымен күдіктінің әрекеті "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сараланған.

13 шілдеде сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

- Істің тергеу барысы ерекше бақылауда, - делінген газетте.