• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Көрме 15 Шілде, 2024

Алматыда дәстүрді дәріптеген көрме ашылды

113 рет
көрсетілді

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр-халық рухы. Дала қазынасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеде 60-тан астам туынды ұсынылған екен. Келушілер сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен және қолөнершілердің еңбектерімен таныса алады. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.

Тағы бір тұтас бөлім қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған екен. Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған түрі гобелендерге де арналған жеке экспозиция бар. Іс-шара 30 тамызға дейін жалғасады.