• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Олимпиада Кеше

Париж Олимпиадасы: Алматыдан алғашқы лек аттанады

82 рет
көрсетілді

ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына Ұлттық құраманың алғашқы легі Алматыдан аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спортшыларымызды шығарып салу рәсімі 17 шілде күні сағат 11:00-де, Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Олимпиадалық даярлық орталығында өтеді. 

Естеріңізге салайық, қазіргі уақытта төртжылдықтың басты додасына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алған Қазақстан спортшылары соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Францияның бас шаһары Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.