• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 15 Шілде, 2024

Жамбылда мемлекетаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

80 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 43 жастағы әйелді ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Күдікті Қырғызстан азаматы екені анықталды.

Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарды ұрлаған.

Ұсталған келіншек Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды да қолды еткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, алдағы уақытта ол Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне беріледі.