• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 15 Шілде, 2024

Жасанды интеллект және инновациялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды

119 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 

Ол Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін және Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын тәмамдаған. 

Кәсіби мансабын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған.

2019 жылы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық индустрияны дамыту департаментінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысты. 2020-2023 жылдар аралығында аталған министрліктің Электроника өнеркәсібін және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма директоры, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап бүгінге дейін ICRIAP электронды индустрияны және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры болды.