• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Шілде, 2024

Оралда 5 жасар бала терезеден құлап кеткен

108 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға 15 шілде күні «Астана» шағына ауданында болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Сағат 12:52-де 20-шы үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту келіп түскен.

«Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.