Орта салмақ бойынша WBO және IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу иегері кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында ауруханаға түсті. Әлем чемпионы өзінің атағын қорғап жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекке түсуі тиіс еді. Боксшының менеджері Берік Сұлтан Жәнібек Әлімханұлының салмақ тастау кезінде есінен танып, ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті.
Оның қарсыласы Андрей Михайлович жекпе-жек үшін мыңдаған шақырым жолды өндіріп АҚШ-қа келгеніне өкінішін білдірді. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 13 шілдеден 14-іне ауған түнде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтуге тиіс болатын.
Мамандар боксшы сырқатынан айығуы үшін кемінде 2-3 ай емделуі керек дегенді алға тартып отыр. Жәнібек өзінің чемпиондық белбеуін қалайда қорғауға тиіс. Егер кез келген боксшы жазатайым жағдай орын алып жарақаттанса, ауырып қалса, емделуіне үзіліс беріледі. Одан кейін қорғамаса, атағынан айырады.