Әйелдер теннисі қауымдастығы әлемдік рейтингтің жаңартылған тізімін ұсынды.
Отандасымыз Юлия Путинцева үздік отыз теннисшінің қатарына енді. Үлкен дулыға санатына жататын «Уимблдон» додасының төртінші айналымына дейін қарсыластарынан басым түскен Путинцева төрт саты өрлеп, 29-орынға тұрақтады. Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина өз орнында тұр. Лондонда өткен «Уимблдон» сайысының жартылай финалында чех теннисшісі Барбора Крейчиховаға есе жіберген еді.