• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2015

Шуда ұшақ апатқа ұшырады

273 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы, Шу ауданын­­дағы Шатырқұл кен орнына жақын маңда АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға алдыңғы күні күндізгі сағат 15-тен аса орын алған. Ұшақ Қарағанды облысы жағынан ұшып келе жатқан екен. Әуе көлігі Қарағанды облысындағы «Олимп Эйр» ЖШС-ге тиесілі екені анықталды. Ұшақ бортында жеті адам болған, үшеуі экипаж мүшелері, қалған төртеуі Шатыркөл кен орнына келе жатқан «Қазақмыстың» жұмысшылары. Бірқатар әлеуметтік желілерде ұшақтағы экипаж мүшелері де, жолаушылар да түгел қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бірақ Жамбыл облыс­тық денсаулық сақтау басқармасы­ның баспасөз қызметі жөніндегі өкілі Екатерина Калиткина ұшақтағы жеті адамның біреуі Шу аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілгенін айтты. Кеше ұшақ­тың апатқа ұшырауынан зардап шеккен «Балқаштүстімет» өн­дірістік бірлестігінің бас геологы А.Шаяхметова есін жиды. Әзірге дәрігерлер қыздың жағдайы қалыпты, бірақ әлі де ауыр деген баға беріп отыр. Қыздың жам­басы мен жіліншігі сынған және көп қан жоғалтыпты. Дәрі­гер­лер оған екі операция жасалаты­нын айтады. Әзірге Шуға Астанадан дәрігерлер келді. «Шаях­мето­ва­ның екі аяғында да ашық және жабық жарақаттар бар. Миы­ның шайқалуына байланыс­ты ау­ру­ханаға өте ауыр жағдайда тү­с­ті. Барлық ем шаралар жүргізілді. Жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақ­ты» дейді бұл жөнінде Шу аудан­дық ауруханасының дәрігер реа­ниматологы Бану Спанқұлова. Ұшақ бортындағы «Қа­зақмыс» компаниясының үш қызметкері: техникалық да­му департаментінің директоры Г.Төлеубаев, «Бал­қаш­­­түстімет» өндірістік бірлестігінің бас механигі Е.Ыбыраев және осы бірлестіктің техникалық және инвестициялық жоспар­­­лау бөлі­мінің басшысы У.Есмағам­бе­това, сонымен қатар, АН-2 ұшағы­ның командирі Г.Клюшев, екінші ұшқыш В.Савельев және борт-механик В.Литвинов қаза тапты. Ұшақтың апатқа ұшырауына сол күнгі тұман себеп болуы мүм­кін дейді мамандар. Өйткені, қалың тұманнан әуе кемесі көру қашық­тығы төмен жағдайда қонуға әре­кет жасаған. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы, Шу ауданы.
Соңғы жаңалықтар