Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде дәрігерлер отбасы жаңа клиника ашып, аудан тұрғындарының денсаулығын қорғауға, сақтауға үлес қоспақ.
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектері, салада 11 жыл тәжірибесі бар мамандар – жалпы тәжірибелік дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог Жанайдар Әбеуов пен оның жұбайы терапевт, фтизиатр, функционалдық диагностика дәрігері Айгерім Байзақова ашқан жаңа ASU-MED клиникасында кардиолог, невропатолог, хирург, терапевт, педиатр, уролог дәрігерлері кеңес беріп, қабылдау жүргізеді. Бұдан бөлек, функционалдық диагностика кабинеті, оның ішінде электрокардиограмма, жүректі ультрадыбыстық зерттеу, артериялық қан қысымын 24 сағат бақылау (СМАД), жүрек ырғағының бұзылыстарын бақылау, (Холтер ЭКГ), бауыр, көкбауыр, өт қабы, ұйқы безі мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу бар.
Тұрғындар күндізгі емдеу бөлімінен ем қабылдап, арнайы ем-шара бөлмесінен қажетті дәрі-дәрмектерін салғыза алады. Клиника жанында лаборатория мен дәріхана да бар.
Жаңа клиниканың ашылуы 37 мыңға жуық тұрғыны бар ауданға әлеуметтік қолдау болары анық.
Маңғыстау облысы