• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 01:58

Артық салмақ: халықтың 41 пайызы семіздікке шалдыққан

47 рет
көрсетілді

Елде артық салмақ жыл сайын өзектілігі артып жатқан күрделі мәселеге айналып барады. «Артық салмақ – елдің болашағына қауіп төндіретін жаһандық эпидемия». Денсаулық сақтау саласының мамандары мәселенің күрделеніп бара жатқанын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Almaty.tv Дүниежүзілік тағамтану мамандарының зерттеуіне сүйеніп жазғандай, соңғы 36 жылда салмақ қосқандардың үлесі екі есе көбейген. Әсіресе алып шаһарларда қарбалас өмір салтының әсерінен белсенділік төмендеп, түрлі тез дайындалатын тағамдармен асқазанды толтыру қалыптасқан әдетке айналған.

– Адамдар аз жұмыс істейді. Оның үстіне жастардың фаст-фудты көп жеуі, дұрыс тамақтанбауы, спортпен шұғылданбауы және бір орында ноутбуктың, компьютердің алдында азаннан кешке дейін отыруы, денсаулығына зиян тигізіп, артық салмақ қосып жатыр деп ойлаймын, – деді қала тұрғыны Айсана Жалайыр.

 – Негізі артық салмақ қозғалыстың аздығынан және дұрыс тамақтанбаудан қосылады, – деді қала тұрғыны Алмас Фархатұлы.

Артық салмақ жоғалту процесі тек тағамды шектеу ғана емес, сондай-ақ біз қалыптастыратын өмір салтымен, тамақтану режимі және ұйықымен де тығыз байланысты. Елдегі ересектер арасында 29,7 пайыз әйел мен 33,9 пайыз ер адамның артық салмағы бар. Ал халықтың 41 пайызы семіздікке шалдығып, зардап шегіп жүр.

– Тағамтану академиясының деректеріне сәйкес, елде семіздікке шалдыққан адамдардың саны 30 пайызға жақындап барады. Бұл - алаңдатарлық көрсеткіш. Жұрттың артық салмақты тез жинап, арыла алмауының басты 2 факторы бар. Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен салмағыңыз өсіп, ішкі ағза, денсаулығыңызға зияны тиеді. Біздің ойымызша бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қадағалап, көңіл бөлуі керек. Тағам құрамын жіті тексеру маңызды, – деді Тамақ биотехнологиялары және мамандандырылған тамақ өнімдері зертханасының басшысы Юрий Синявский.

Белсенділіктің аздығы, стресс және генетикалық факторлар, гормон жұмысының бұзылуы мен тамақтану режимін сақтамаудың әсерінен артық май айлап, жылдап қосыла береді. Дене салмағының индексі 30-ға жетсе, семіздіктің 1-дәрежесі болып есептеледі. Мамандардың айтуынша, қоғамда дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырмай мәселе шешілмейді.

– Балалар мен ересектердің семіздігі әртүрлі болады. Бұл ретте ата-аналары баланың тамақтану қағидатын қалыптастырады. Өз тәжірибемде адамдардың ең жиі жіберетін қателігі - ішетін суын тәтті сусындармен алмастырып, перзенттеріне де дәл соны береді. Америка халқына қарасақ, олардың басты проблемасы - майлы тағамдарды шектен тыс пайдаланады. Ал біздің елдегі дертті тудыратын фактор - нан, сүт, ет өнімдері, яғни көмірсуды мөлшерден асып беріледі, – деді нутрициолог Лилия Корпусевич.

 

Артық салмақ – тек сыртқы келбетке қатысты мәселе емес, бұл адам денсаулығына төнген қауіп-қатер. Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, жоғары қан қысымы, буын аурулары – артық салмақтың салдарынан туындайтын аурулар. Семіздік балалар мен жасөспірімдер арасында да кең таралып отыр.