• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Маңғыстауда сайлаушылар ерекше белсенділік танытуда (фото)

336 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 26 сәуір. Маңғыстауда сайлаушылар ерекше белсенділік танытуда. Тіпті соңғы төрт сағатта дауыс берушілер саны екі еседен артты. Кейбір сайлау учаскелерінде тіркелген сайлаушылар толығымен дауыс берген. Сол себепті, аталған учаскелерде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Маңғыстауда түскі сағат 12:00-ге дейін 107 547 адам дауыс берген. Ал арада төрт сағат уақыт өткенде бұл көрсеткіш 240 026 адамға жетті. Бұл облыстағы барлық сайлаушылардың 76,15 пайызын құрайды. Яғни, Маңғыстау облысында төрт сағат ішінде дауыс беру көрсетіші 34,12 пайыздан 76,15 пайызға жеткендігін білдіреді. Түскі сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі төрт сағат ішінде, дауыс беру көрсеткіші Ақтау қаласында 32,42 пайыздан 76,06 пайызға, Жаңаөзен қаласында 33,31 пайыздан 76,07 пайызға, Бейнеу ауданында 37,26 пайыздан 76,19 пайызға, Қарақия ауданында 37,54 пайыздан 76,31 пайызға, Маңғыстау ауданында 35,09 пайыздан 76,19 пайызға, Мұнайлы ауданында 34,96 пайыздан 76,28 пайызға артқан. Ал Түпқараған ауданының тұрғындары қазірге дейін 76,28 пайызға дауыс беріп үлгерген. Тиісті орындардың хабарлауынша, осы уақыт ішінде сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар тіркелмеген және әскери бөлімдерде, уақытша тергеу абақтыларында, сондай-ақ, ауруханаларда, аудандардағы бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталған. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: Серік Майемеров.