• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 15:30

Биылғы маусым ең ыстық ай болып тіркелді

43 рет
көрсетілді

Биыл маусым айында еліміз бойынша 18 жыл бұрынғы рекорд жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мамандардың айтуынша, жауын-шашынның шамадан тыс түсуі елдің солтүстік жартысында тіркелсе, оңтүстік бөлігінде құрғақшылық байқалған.

Синоптиктердің мәліметінше, айдың көп бөлігінде елге Қара және Жерорта теңіздерінен жылы ауа массалары кірген.

«Көптеген өңірде өрт қаупі жоғары болды. Айдың ортасы мен аяғында рекордтық жоғары ауа температурасы байқалды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Мысалы, күндіз еліміздің батысы мен оңтүстігінде термометр +35+43°C, солтүстік және орталық облыстарда +30+40°C дейін көтерілді.

9 маусымда Қызылордада термометр көрсеткіші +40,5°C-қа жетіп, 2016 жылғы рекордты (+40,1°C) жаңартты. 17 маусымда Ақтөбеде 2006 жылғы рекордтан асып, +39,2°C болды, алдыңғысы +38,5°C болған. Атырауда 18 маусымда ауа температурасы +41,5°С-қа дейін көтеріліп, 2010 жылғы рекордты (+41°С) жаңартты.

Сондай-ақ 27 маусымда республиканың орталығы мен оңтүстік облыстарында 2014 жылғы рекордтар жаңартылды.

Жезқазған метеостанциясында +40,5°С байқалса, бұрынғы рекорд +39,6°C болды. Қызылордада ауа температурасы +42,6°С-қа дейін ысып, +41,5°С-тан асты. Түркістанда жаңа рекорд +42,5°C болса, алдыңғы +41,5°C болған.

28 маусымда Алматыда ауа температурасы +37°C-қа жетті, осылайша 2014 жылғы рекорд (+35,5°C) жаңарды.

Астанада бір айдағы орташа ауа температурасы +21,8°С болды, бұл нормадан 2,2°С жоғары болды, ал норма +19,6 градус.

Ең жоғары ауа температурасы 28 маусымда тіркелді (+36,5°C); 2014 жылғы рекорд жаңартылды – +35,4°C. Елордада ең төменгі ауа температурасы 1 маусымда +6,2°C болды.