• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 17 Шілде, 2024

Дәрігер 27 жасқа дейін үйленбеген ерлерде қандай қиындықтар болатынын айтты

330 рет
көрсетілді

Уролог маман Біржан Ашкеев 27 жастан кейін жігіттердің қызбен танысып, үйлену мүмкіндігі неге төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Телеарна бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Жакилина уролог маман Біржан Ашкеевтен кеш үйленудің денсаулыққа қандай зияны бар екенін сұраған.

- Физиология және медицина бойынша ұрпақ қалдыратын, ерлердің денсаулығы жақсы, ал ұрығы сапалы болатын жас 19-дан 27-ге дейін. Егер осы аралықта адам үйленіп, отбасын құрып, бала жасайтын болса, сапалы ұрпақ қалдыру мүмкіндігі жоғары. 27 жастан кейін әлсірей береді. Гормон қоры төмендейді, еркек еркектік қасиетін жоғалта бастайды. Жасы 30-ға жақындаған адамның еркектік харизмасы "жұмсақ" болып келеді. Сондықтан қыздарға барып танысу қабілеті төмендейді. Бірінші қадам жасау да гормондарға байланысты азаяды. Гормон деген адамның бойындағы мінезді қалыптастырады ғой, еркектік мінезі әлсірей бастаған еркекті әйел де сезеді. Әйел адам үнемі күшті еркекті таңдайды ғой. Ал 32 жастан бастап ер адамдардың қартаю процесі басталады. Сондықтан жас кезде, мүмкіндік болса 27-ге дейін үйлену керек. Қазір қоғамда үйлену жасы өскен сайын адамдардың жұбын табуы қиындап бара жатқаны сондықтан", - деп түсіндірді уролог маман.

Сонымен қатар, психолог қазір жастардың неге үйленуге асықпайтынын айтып, қоғамда жалғыздық синдромының пайда болу себептерін атап берген болатын.