• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Шілде, 2024

Пайдалы кәсіп

124 рет
көрсетілді

Жерасты суын өңдеп, ыдыстарға құйып са­ты­лымға шығару қос та­рапқа да пай­да­лы: кәсіпкер үшін – табыс көзі, тұты­ну­­шы үшін –құнарлы, таза ауызсу. Маң­ғыс­­тау ауданының Тұщыбек аулында іс­ке қосылған су құтылау цехы аталған ай­­мақ­­тағы жерас­ты суын халық игілігіне ұсын­бақ.

Кәсіпкер Ерлан Әбдірахмановтың «Қайнар су» белгісімен шығарған өнімі көпшілік сұра­нысын өтейді. Кәсіпорында пластик құтыны қыздыратын, үретін, тазалайтын, ыдыстарға су құятын, қақпақпен аузын бекітетін, сыртына тауар белгісін жапсыратын аппараттар қойылған. «Күніне 1 500 литр шамасында суды арнайы ыдыс­тарға құйып дайындаймыз. Сұранысқа қарай одан да көп мөлшерде өнім өндіруге су қоры жеткілікті», дейді су шығару шебері Марғұлан Сүгіров.

«Кәсіпкерлікті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу – бүгінгі күннің талабы. Нәсібін кәсіптен тапқан кәсіпкерлер бастамасына барынша қолдау көрсету керек», дейді Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов.

Маңғыстау облысы