Париж Олимпиадасының басталуына дейін санаулы күн қалды. Қазақстан жанкүйерлері боксшыларға зор үміт артады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс кештері 27 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін өтеді. Оған Қазақстан ерлер командасы толық құрамда қатысады.
2013 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Антон Пинчук Sports.kz сайтына сұхбат беріп, Олимпиада ойындарына қатысты болжамын бөлісті.
Сұхбат барысында ол: «Меніңше, Қазақстанда алтын да, күміс те, қола да болады. Асланбек Шымбергеновтен үлкен үміт күтеміз. Қамшыбек Қоңқабаев та жүлдесіз қалмауы керек», деді.