• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Көрме 19 Шілде, 2024

Кореядағы көрме

140 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяда астаналық суретші, графикалық дизайнер Бақыт Шүкетаевтың картиналарының көшірмелері көрсе­тілді. Шебердің туындылары Хангук шет тілдер университеті ұйымдастырған көрмеге қойылды. Картиналарды аталған жоғарғы оқу орнының профессоры Чу Ён Мин Сеулге алып келген.

Іс-шара шаһардың танымал тарихи орталығында – ХанОк дәстүрлі корей үйінде өткен. Айта кетейік, бұл – Оңтүстік Корея астанасында Еуразия ел­дері суретшілерінің алғашқы көрмесі. Ұйымдастырушылар іс-шараны жыл сайын өткізуге ниетті екендіктерін айтты.

«Бұл көрме арқылы біз Еуразия мен Оңтүстік Корея өнерінің тығыз бай­ланысын көрсетіп, мәдени алмасуды жан­дандыруды қалаймыз. Корей кескін­демесіндегі негізгі бояулар қазақ­стандық суретшінің туындыларында да бар», дейді профессор Чон Бо Ын.

«Мен Астанада бір рет болдым. Бүгін қазақ суретшісінің картиналарымен танысып, кейін Қазақстанға арнайы барып, суреттегі әсем жерлерді өз көзіммен көрмекпін. Бүркіттің суреті Қазақстан туындағы бейнені есіме түсірді. Қазақтың ою-өрнектері де өте әдемі», деп тамсанды көрмеге келген көрермен. Айта кетейік, сурет көрмесі жергі­лікті халықты Еуразия елдерінің мәде­ние­тімен таныстыруды мақсат етіп отыр.