• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Құқық 19 Шілде, 2024

Алаяқ алысқа бармады

122 рет
көрсетілді

Алаяқтықты кәсіп қылған адам алысқа бармайды. Бәлкім, белгілі бір уақыт сайран құрар. Жер-жаһанды жалпағынан басып, өзінің ұсталмайтынына сенімді болар. Бірақ заңның құрығынан құтылып кету мүмкін емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2023 жылдан бері іздеуде жүрген У. есімді азаматты ұстап, Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Оған бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген айып тағылған.

Алаяқтық Алматы қалалық әкімдігі мен ҰҚК департаменті лауазымды адамдары­ның қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған. 14 маусымда Біш­кек қаласында У. ұсталғаннан кейін ол Қыр­ғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне же­ңілдетілген рәсімдермен өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлаған.

Сол күні Алматы қаласы прокуратура­сының үйлестіруімен Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қыз­мет­кер­лері У. есімді азаматты Қырғыз Респуб­ли­касының шекарасынан өткізіп, Алматы қаласына жеткізді. Қазіргі уақытта күдік­тінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қыл­­мыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзу­шы­лық жасаудағы кінәсі соттың заңды күші­не енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.